
Зулкашев Рустем Мулкайұлы 1965 жылы Орал облысы Жәнібек ауданы Талов ауылында дүниеге келді. 1989 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институты ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша бітірген.
07.1982 - 08.1982 ж.ж. Орал облысының Орда ауданының "Орда" кеңшарының жұмысшысы
07.1989 - 04.1990 ж.ж. Орда ауданының "Орда" кеңшарының инженер-механигі
04.1990 - 06.1994 ж.ж. Орда ауданы "Орда" кеңшарының машина-трактор шеберханасының меңгерушісі
06.1994 - 10.1997 ж.ж. Орда ауданының "Орда" кооперативінің бас инженері
11.1997 - 02.1999 ж.ж. Орда ауданы әкімінің орынбасары
02.1999 - 10.2000 ж.ж. Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы
10.2000 - 08.2010 ж.ж. Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің әкімі
09.2010 - 06.2012 ж.ж. ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы
06.2012 - 02.2019 ж.ж. Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары
03.2019 - 03.2022 ж.ж. Казталов ауданы әкімінің орынбасары
03.2022 - 04.2023 ж.ж. Казталов ауданының әкімі
15.05.2023 жылы Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.