GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке  көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.

QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.

Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.

06 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Ақжайық ауданының халқымен кездесуі
30 сентября 2026
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Зәйлім Мажитованың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Жиынға аудан прокуроры Алмас Меңлібаев, комиссия мүшелері, мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыста аудан аумағында «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру, сондай-ақ «Қауіпсіз өңір» және «Айқын нәтиже» жобалары аясында 9 ай ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындылары қаралды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықтық ахуалды тұрақтандыру бағытындағы алдағы міндеттер талқыланды.

Ауылдық округтердегі қылмыс пен құқық бұзушылықтарға тұрақты түрде талдау жүргізу, профилактикалық жұмыстарды күшейту және қылмыстылық картасын жүйелі түрде жаңартып отыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен есірткі қылмыстарының алдын алу, «Есірткісіз болашақ» үшжақты меморандумы аясындағы жұмыстарды жүйелеу, сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды күшейту мәселелері қаралды.

Халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігі атап өтілді.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне де баса назар аударылды. Атап айтқанда, ауылдық округтерде қараусыз малдың автомобиль жолдарына шығуына жол бермеу, ауыл шаруашылығы жануарларын ұйымдасқан түрде бағуды қамтамасыз ету, малға жарық шағылыстырғыш құралдар тағу және айыппұл тұрақтарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар талқыланды.

Сондай-ақ автомобиль жолдарына жақын орналасқан шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен азаматтарға тиесілі үй жануарлары және олардың таңбалары туралы мәліметтер базасын қалыптастыру, оны ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің мемлекеттік базасымен интеграциялау мүмкіндіктері қаралды.

Бұдан бөлек, ауылдық округтердегі «Ішімдіксіз ауыл» жобасының тиімділігін арттыру, профилактикалық жұмыстардың нәтижелілігін нақты көрсеткіштер арқылы бағалау және қоғамдық тәртіпке кері әсер ететін факторлардың алдын алу бойынша ұсыныстар ортаға салынды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты жауапты мемлекеттік органдар мен мекеме басшыларына нақты хаттамалық тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

#АқжайықАуданы #ЗаңМенТәртіп #ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу #ҚауіпсізӨңір

29 сентября 2026
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Зәйлім Мажитованың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Отырысқа комиссия мүшелері, тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайсыз және тәуекел тобындағы отбасылармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстар, сондай-ақ балалар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың сабаққа қатысуы мен тәртібін бақылау, әлеуметтік жағдайы күрделі отбасыларға көрсетілетін қолдау шаралары талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді.

Балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету – баршамызға ортақ міндет.

#АқжайықАуданы #БалаларҚұқығы #БалаларҚауіпсіздігі #КәмелеткеТолмағандар #ОтбасынҚолдау

28 сентября 2026
ЖАС ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Зәйлім Мажитова облыстық және республикалық деңгейдегі байқаулар мен спорттық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, Ақжайық ауданының абыройын асқақтатып жүрген жас жеңімпаздар мен олардың ұстаз-жаттықтырушыларын қабылдап, құрмет көрсетті.

Кездесуге кітап оқу бағытында үздік нәтиже көрсетіп жүрген Ораз Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Айкөркем Бержанова қатысты. Жас оқырман облыстық «Мен оқыған 30 кітап» байқауында І орын иеленіп, республикалық кезеңде ІІ орынға қол жеткізді.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында өткен Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындарында аудан намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болған аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Ерқанат Абылғазы, Бекзат Дарханұлы, Жарқын Мұхамбетжан, Ералы Айтқали, Қарақат Ерболат, Ұлболсын Сырым және жамбы атудан Қазақстан чемпионы, әлем чемпионатына жолдама иегері Айымбек Бақтыгереев те қабылдауға қатысты.

Жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, оларды жеңіске жетелеп жүрген жаттықтырушылар Амангелді Калиакберов, Сырым Магеланов, Шапағат Наурызов және Кенжеқыз Қаупеноваға да құрмет көрсетілді.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Зәйлім Мажитова жас жеңімпаздарды қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап, оларға аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыстады. Сонымен қатар жас өрендердің қабілетін шыңдап, биік белестерді бағындыруына бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздар мен жаттықтырушыларға алғысын білдіріп, еңбектеріне жоғары баға берді.

Жас жеткіншектердің әрбір жетістігі – олардың таланты мен табандылығының, мақсатқа ұмтылысы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ ұстаздары мен жаттықтырушыларының кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Осындай жетістіктер өскелең ұрпақтың білімге, спортқа және өз қабілеттерін дамытуға деген қызығушылығын арттырып, аудан жастарына жаңа биіктерді бағындыруға жігер берері сөзсіз.

22 сентября 2026
ҚАБЫРШАҚТЫ АУЫЛЫНДА «ЖАС САҚШЫ» ПОЛИЦИЯ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылындағы «Бітік» мектеп-бөбекжай кешенінде Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Хасан Сұлтанғалиевтің есімі берілген «Жас сақшы» полиция сыныбының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қадыржан Сағын, аудан әкімінің міндетін атқарушы Зәйлім Мажитова, ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Іс-шара барысында жас сақшылардың салтанатты уәде беру рәсімі өтіп, оларға «Жас сақшы» туы табысталды.

«Жас сақшы» полиция сыныбының негізгі мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік, құқықтық мәдениет, тәртіп пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыру.

Салтанатты шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Зәйлім Мажитова құттықтау сөз сөйлеп, жас сақшыларға оқуында озат болып, тәртіпті сақтауға, Отанға адал қызмет ететін, елжанды азамат болып қалыптасуға тілегін білдірді.

Сонымен қатар, шара барысында ардагер Хасан Сұлтанғалиевтің өмірі мен қызмет жолы кеңінен дәріптеліп, оның өнегелі жолын жас ұрпаққа үлгі етуге бағытталған тәрбиелік жұмыстардың маңызы атап өтілді.

Іс-шара соңында «Жас сақшы» полиция сыныбының ашылуына арналған лентаны қию рәсімі өтті. Қонақтар жаңа сыныпты аралап, жас сақшыларға арналған оқу кабинетімен танысты.

Бүгінде Ақжайық ауданында 18 жас сақшы тәрбиеленуде. Бұл бағыттағы жұмыстар өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, патриоттық тәрбиесін нығайтуға, тәртіп пен жауапкершілікке баулуға және болашақ мамандығын саналы таңдауға мүмкіндік береді.

19 сентября 2026
«Таза Қазақстан»: тазалық пен абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Бүгін ауданымызда қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында World Cleanup Day (Дүниежүзілік тазалық күні) халықаралық экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдары, ауылдық округтердің белсенді тұрғындары мен жастар қатысып, елді мекендердің аумақтарын тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Іс-шара барысында көшелердің, қоғамдық орындардың, саябақтар мен аулалардың аумақтары тазартылып, жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалардың көмегімен шығарылды. Сонымен қатар, елді мекендердің көркін арттырып, қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттері отырғызылды.

Сенбілік қорытындысы бойынша:

  • 🔹 1373 адам қатысты;

  • 🔹 54,7 тонна қоқыс жиналып, шығарылды;

  • 🔹 15 бірлік арнайы техника жұмылдырылды;

  • 🔹 64 түп ағаш отырғызылды.

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды бастама ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттырып, тазалық пен тәртіпті күнделікті өмір салтына айналдыруға ықпал ететін маңызды жоба.

Тазалық – баршаға ортақ жауапкершілік. Әрбір азаматтың табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және туған жерін көркейтуге қосқан үлесі ауданымыздың дамуы мен тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ міндет!

17 сентября 2026
«QURAQ FEST»: ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН 166 «ҚҰРАҚ» КӨРПЕ

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы

Ақжайық ауданында ұлттық қолөнерді дәріптеу, дәстүрлі өнерді насихаттау және шеберлердің шығармашылығын қолдау мақсатында «Quraq Fest» «құрақ»  көрпе тігу фестивалі өтті.

Фестиваль барысында ауданның ауылдық округтерінен келген қолөнер шеберлері мен өнерге қызығушылық танытқан тұрғындар бас қосып, қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің бірі – «құрақ»  құрау өнерін заманауи үлгіде жаңғыртты.

Шараның басты ерекшелігі – фестиваль аясында 166 «құрақ»  көрпе тігіліп, оған 1 498 келі қой жүні жұмсалды.

 Бұл көрсеткіш – аудан тұрғындарының ұлттық өнерге деген қызығушылығы мен белсенділігінің, сондай-ақ қолөнер дәстүрінің ел арасында кеңінен дәріптеліп келе жатқанын көрсетті.

«құрақ»  құрау – халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер. Қазақ дәстүрінде «құрақ»  көрпе тек тұрмыстық бұйым ғана емес, шеберліктің, ұқыптылықтың, береке мен бірліктің символы ретінде бағаланған. Әрбір «құрақ» тың өз орны мен үйлесімі бар. Сондықтан бұл өнерде эстетикалық талғаммен қатар, ұлттық дүниетаным да көрініс табады.

«Quraq Fest» фестивалі арқылы ауыл тұрғындарының шығармашылық әлеуетін арттыруға, ұлттық қолөнерді кеңінен насихаттауға, жас ұрпақты атадан қалған дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеуге және шеберлер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Фестиваль аясында «құрақ» көрпе тігу шеберлерінің жұмыстарын таныстыру, қолөнер бұйымдарының көрмесі, жергілікті тігіншілер тіккен ұлттық киімдер сән үлгісі көрсетілді және ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған өзге де мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

166 «құрақ» көрпе – 166 өнер туындысы. Әрбір көрпеде шебердің еңбегі, талғамы мен ұлттық мәдениетке деген құрметі көрініс табады.

«Quraq Fest» – ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, дәстүрлі өнерді дәріптеу арқылы қоғамдағы шығармашылық пен бірлікті нығайтуға бағытталған мәдени бастама.

Аталған шараны дәріптеу мақсатында эстафета ретінде Теректі ауданына жолданды.

27 августа 2026
Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда

2026 жылдың басынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің ауылдық елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу және цифрлық сервистерді пайдалану бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді. Бір жарым ай ішінде еліміздің түрлі өңірлерінен 18 мыңнан астам азамат оқудан өтті.

Қазақстан Республикасында жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастама халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге және оларды онлайн форматта өз бетінше алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Өңірлер арасында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында оқытылған азаматтар саны басым.

          Оқу сабақтарын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары еліміздің әр өңіріндегі ауылдық округтер мен елді мекендерде өткізді.

          Сонымен қатар, жыл басынан бері «Таным» корпоративтік оқу орталығының қатысуымен облыс орталықтарында 5 мыңға жуық азамат оқытудан өтті. Сабақ барысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық инфрақұрылымның негізгі құралдары мен мүмкіндіктерін меңгерді.

          Еске сала кетейік, электрондық мемлекеттік қызметтерді және заманауи онлайн-сервистерді пайдалануды тегін үйренгісі келетін азаматтар үшін еліміздің әр облыс орталығында оқу сыныптары жұмыс істейді. Сабақтар сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.

 

26 августа 2026
ҚАБЫРШАҚТЫ ЖӘНЕ АЛҒАБАС АУЫЛДАРЫНДА ЖАҢА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Ақжайық ауданының Қабыршақты және Алғабас ауылдарында жаңа ветеринариялық пункттер ашылып, пайдалануға берілді.

Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, аудан әкімі Мұрат Сердалин, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық ветеринариялық инспекциясының басшысы Тілек Мұқатов және ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары жаңа нысандардың ауыл тұрғындары үшін маңыздылығына тоқталып, ветеринариялық қызмет көрсету сапасын арттырудағы рөлін атап өтті.
Қабыршақты және Алғабас ауылдарының тұрғындары ветеринариялық қызметтердің бірқатар түрін жергілікті жерден ала алады. Бұл мал ауруларының алдын алуға, ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге және мал басының ветеринариялық қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Жаңа ветеринариялық пункттердің ашылуы – ауылдық жерлердегі ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту, қызметтердің қолжетімділігін арттыру және тұрғындарға сапалы ветеринариялық көмек көрсету бағытындағы маңызды қадам.

Социальные сети
facebook
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы