Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында облыс прокурорының орынбасары Азамат Құстанов бұған дейін аудан прокуроры қызметін атқарған Руслан Сабыровтың басқа лауазымға ауысуына байланысты аудан активіне жаңадан тағайындалған аудан прокуроры Таспиков Алмас Төрекелдіұлын таныстырды.
Аудан әкімі Мұрат Сердалин Руслан Менешұлына аудандағы қажырлы еңбегі мен қызметі үшін аудан жұртшылығы атынан ризашылығын білдіріре отыра, алдағы қызметіне табыс тілеп, Алғыс хат табыстады.
Өз кезегінде жаңадан тағайындалған аудан прокуроры Алмас Төрекелдіұлы артылған сенімді ақтауға, ел мүддесі үшін адал қызмет етуге, заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды сапалы үйлестіруге күш салатынын атап өтті.