Батыс Қазақстан облысының балық инспекциясы басқармасының бас мамандары Б.Габдуллин, Т.Имангазиев ауданға іссапарға келіп, жергілікті балық шаруашылығымен айналысатын және айналысуды жоспарлап жүрген ауданның жеке кәсіпкерлік субъектілерімен және тұрғындармен кездесті.
Аудан әкімінің орынбасары М.Сердалин төрағалық еткен кездесуде сала мамандары «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» ережеге енгізілген өзгерістерге байланысты жарияланатын конкурстар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.