
Аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов Орал қаласындағы Ақжайық ауданы жерлестерінің ардагерлері бастауыш ұйымының төрағасы Ж.Сағынаевты және бастауыш ұйымның мүшелері Ә.Кереев, М.Әнесов, А.Таумов, М.Жұматованы қабылдап, бастауыш ұйым мен аудандық ардагерлер және ақсақалдар кеңесінің бірлесе жұмыс атқаруы бойынша өзекті мәселелерді талқылады. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы С.Сиражев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қажғалиев, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Қоспаев қатысты.