ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
БҚО полиция департаменті бастығының 2023 жылғы10 ақпандағы №117 бұйрығына сәйкес, Ақжайық ауданының полиция бөлімінің бастығы лауазымына Қуанышқали Шаяхметұлы Меңдіғұлов тағайындалды.
Осыған байланысты бүгін аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетовтың төрағалығымен аудан активі отырысы өтті.
Жиынға арнайы келіп қатысқан Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Абылайхан Серікұлы аудан активіне жаңадан тағайындалған бөлім бастығын таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Қуанышқали Меңдіғұлов 18.09.1974 жылы Казталов ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары: заңгер.
1998-2008 жылдары Орал қалалық полиция бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2008-2011 жылдары БҚО ПД кадрлық қызмет басқармасының қызметтік және жауынгерлік даярлық бөлімінің аға инспекторы;
2011-2012 жылдары Казталов аудандық полиция бөлімі бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары;
2012-2014 жылдары БҚО ПД КЖБ кәсіптік даярлауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы;
2014-2017 жылдары БҚО ПД кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары;
2017-2020 жылдары БҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы.
2020 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Орал қалалық полиция басқармасы бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.