Меню

Страницы

Статья

Өсімдіктер карантині саласына – ерекше назар!

Өсімдіктер карантині саласына – ерекше назар!

          Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi: Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау; карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу; Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу.

              Осыған байланысты карантинге жатқызылған өнімді өсірумен,  тасымалдаумен, сатумен, өткізумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар «Өсімдіктер карантині туралы» Заңын талаптарын үнемі сақтау және орындауын міндетті.

   Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині саласында екі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұл: «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру», «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру». Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

    Карантиндік сертификат карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау үшін беріледі. Карантиндік сертификат беру «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі  1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мысалы, 2021 жылы Алмалы ауылдық округіне қарасты 2 шаруа қожалығы  («Ақбұлақ» ш/қ, «Балауса» ш/қ) Атырау қаласына  карантинге жатқызылған өнімді (қарбыз)  шығару үшін 5 карантиндік сертификат алған болса,  ағымдағы жылы күні бүгінге «Ақбұлақ» ш/қ-4 дана, «Балауса» ш/қ-1дана, «Бахтияр» ш/қ-1дана карантиндік сертификат алды.

Фитосанитариялық сертификат Қазақстан аумағынан экспортқа шығарылатын карантинге жатқызылған өнімге беріледі немесе еліміз аумағына импортпен кіргізілген карантинге жатқызылған өнімге беріліп, соңғы жеткізу пунктінде карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі толтырылады. Бұл сертификатты өтініш берген сәттен 3 жұмыс күнінде ала аласыз. Сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығымен бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы берілсе, өтініш берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде, жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде көрсетіледі.  Мысалы, биылғы жылы  ауданымыздан Ресей Федерациясына қауын шығару үшін 1 фитосанитариялық сертификат берілді. Бұл, әрине, аз көрсеткіш. Сондықтан бақша шаруашылығымен айналысатын жерлестерімізді заң талаптарын сақтай отырып, бірлесіп жұмыстануға шақырамыз.

Тағы бір «Өсімдіктер карантині туралы» Заңын талабы, ол карантинге жатқызылған өнімді межелі пункттерінде екінші қайтара карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалаудан өткізу. Карантинге жатқызылған өнімнің иесі  уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін  өнімнің келгені туралы кез келген қолжетімді әдіспен хабардар етеді, келген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру үшін өнімді көрсетеді. Мысалы, аудан аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі Ресей Федерациясынан биылғы жылдың өткен уақытында «Нұр ғасыр» ЖШС-гі 9 автокөлік кесілген ағаш өнімдерін (пиломатериалы) импорттады. Бақылаудың нәтижесінде карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актілері рәсімделді.

        Карантинге жатқызылған өнімді тиісті құжатсыз өткізу және межелі пункттерінде екінші қайтара карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауға ұсынбау жаупкершілікке әкелетінін ескеру қажет.

 

Жексенғали Асқаров, аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор

 

Дата публикации
22 сентября 2022
Дата обновления
22 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы