Қазір емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін, соның ішінде сот шешімі бойынша көлік жүргізу құқығынан айырылғандарға да жүргізуші куәлігін оңай жолмен алуға болатындығы туралы әлеуметтік желілерде хабарландырулар жариялануда. Олардың айтуынша, автокөліктің бір санаты бойынша жүргізуші куәлігі 60 000 теңгеден басталады. Олар банк картасының мәліметтерін береді және 50% алдын-ала төлем сұрайды. Осыдан кейін мессенджер арқылы «дайын куәліктің» суретін жібереді және қалған соманы және тіпті қосымша ақшаны талап етеді. Мұндай алаяқтардың құрбаны болған адамдар Орал қ. мамандандырылған бөлімге жиі жүгінуде. Естеріңізге сала кетейік, арнайы емтихан тапсырмай жүргізуші куәлігін алу мүмкін емес.
Биыл теориялық емтихан тапсыру кезінде тұлғаны сәйкестендірудің биометриялық жүйесі енгізілді. Бұрын теориялық емтиханды тапсырарда клиент тек жеке куәлігін көрсететін, енді әрбір үстелдің үстіне емтихан тапсырушының сол адам екенін анықтайтын бейнекамера орнатылды. Үшінші тұлғалардың қатысуы мүмкін емес.
БҚО тұрғындарынан құжаттарына сақ болуды, өздерінің жеке деректері мен қаражатын бөгде адамдарға бермеуді және жүргізуші куәлігін алу үшін тек Орал қ. мамандандырылған бөліміне жүгінуді сұраймыз.