Меню

Страницы

Статья

Аудандағы фитосанитариялық ахуал жөнінде

Мамыр айының бірінші жартысында аудан аумағында зиянды организм шалғын көбелек көптеп кездесуде. «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Ақжайық аудандық филиал мамандарының 7-11 мамыр аралығында жүргізілген далалық бақылау жұмыстарының барысында аталған зиянкестің ұшуы байқалған болатын. Бұл жөнінде ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекцияға шұғыл хабарлама түсірілген болатын.

Бұдан бұрын шалғын көбелектің жаппай ұшуы Ресей Федерациясының Астрахан облысында, соңынан Атырау облысында және Батыс Қазақстан облысының Бөкей Орда, Жәнібек аудандарында тіркелген болатын. Көбелектің жел ағымымен ұзақ қашықтыққа, бір түнде 300 шақырымға дейін қоныс аудару ерекшелігі мен сол кезеңде желді күндердің қатты және ұзақ болғандарын, ауданымызда пайда болу уақытын сараласақ, аталған аумақтардан ұшып келді деуге толық негіз бар. Сонымен қатар, соңғы аптада ауа райының жаңбырлы, ауа температурасының төмен болуы шалғын көбелегінің дамуына қолайлы болып, көбейіп, тез таралуы орын алуда.

Көбелек шыққаннан кейін екі апталық мерзімде тұқым салады, тағыда екі аптадан кейін жабайы және ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне залалын келтіретін шалғын көбелегінің құрттары шыға бастайды. Құрттар жаппай көбейген жағдайда залалы шегіртке келтірер зақымнан асып түседі. Осы себепті құрттардың пайда болу уақытын өткізіп алмау маңызды. Қазіргі таңда оларға қарсы күрес әдісінің бірі, егіншілік аумақтарда химиялық улау жұмыстарын уақытылы жүргізу қажет. Соңынан, күзгі-көктемгі уақытта жерді агротехникалық өңдеу қажет етеді.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің зиянкестен келер залалын барынша азайту мақсатында бірлесе жұмыстануды қамтамасыз ету үшін «РФДжБӘО» РММ Ақжайық аудандық филиалы тарапынан аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне ауылдық округ әкімдеріне, шаруа құрылым иелеріне тарату мақсатымен әдістемелік нұсқау парағы жолданды, шалғын көбелек жөнінде аудандық «Жайық таңы» газетіне мақала жарияланды.

Соңғы күндері көршілес орналасқан Атырау және Ақтөбе облыстарында жусанның жапырақ жемірі зиянды организмі санының күрт өршуі жөнінде хабар түсуде. Бұл зиянкесте шабындық пен жайылымдағы ауыл шаруашылығы және жем-шөп өсімдіктеріне залалын келтіреді. Зиянкестің құрты негізінен жусанның жапырағымен қоректенеді, жаппай көп мөлшерде таралған жағдайда түгелімен өсімдікті құртады. Қазіргі таңда «РФДжБӘО» РММ Ақжайық аудандық филиалының жүргізщіп отырған жүйелік бақылау шараларының барысында аудан аумағында жусанның жапырақ жемірі байқалмаған, алайда бұл мәселеге жайбарақат қарауға негіз еместігін түсінуіміз қажет.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы «Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 100 бұйрығында шалғын көбелегіне қарсы күрес жұмыстары бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін зиянды организмдер тізіміне енбеуіне байланысты, егіншілікпен айналысатын барлық субъектілер шалғын көбелегіне қарсы күрес жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізуге дайын болуы қажет. Жұмсалған химиялық препараттарға (пестицидтерге) шығыны мемлекет тарапынан 50 пайыздық мөлшерде субсидия ретінде қайтарылады. Ол үшін шаруа құрылымдар аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне өтінім беріп, қажетті құжаттарын тапсыруы тиіс.

Аталған зиянкеске қолданылатын пестицидтер Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген болуы қажет. Оны комитеттің бұйрығымен бекітілген рұқсат етілген пестицидтер тізімінен қарауға болады.

Сондай-ақ, пестицидтің улы химиялық препарт екенін, адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсері барын естен шығармауымыз тиіс, пестицидтермен жұмыс істегенде техникалық қауіпсіздік, жеке гигиена талаптарын, пестицидтың шығымдылық нормасын қатаң ұстану қажет.

Пестицидтарды облысымыздағы «Alem Agro Holding» ЖШС-нен алуға болады, байланыс телефондары : Жумин Берик – 87770887252, Предыбайло Александр - 87017801021.

 

 

 

ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас инспектор Ж.Макашев

 

Дата публикации
19 мая 2022
Дата обновления
19 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы