«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Президенттің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығымен төтенше жағдайлар жариялауына және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің» 2020 жылғы 19 наурыздағы №1-ПГВр Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы қаулысына сәйкес, «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың 14 ақпандағы «Жайық таңы» газетінің №6 (7330) санды 10 бетінде орналастырылған шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша жарияланған конкурс кейінге қалдырылғанын хабарлайды.
Конкурс өткізу туралы қосымша ақпарат «Жайық таңы» газетіне және Ақжайық ауданы әкімі аппаратының akzhaik.bko.gov.kz сайтында жарияланатын болады.