Меню

Страницы

Статья

ЕМТИХАН ТАПСЫРУ КЕЗІНДЕ БИОМЕТРИЯ ЖҮЙЕСІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

ЕМТИХАН ТАПСЫРУ КЕЗІНДЕ БИОМЕТРИЯ ЖҮЙЕСІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ
Орал қаласы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінде жүргізуші куәлігін алушыларға теориялық емтихан тапсыру кезінде биометрия жүйесі енгізілді. Бұл - адамның бірегей дербес деректерін бет-жүзі арқылы тану жүйесі. Аталмыш жүйе алаяқтық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
«Жүргізуші куәлігін алушылар қатары өте көп. Былтырғы жылы облыс бойынша 47 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді. Бұрын теориялық емтиханды тапсырарда клиент тек жеке куәлігін көрсететін, енді әрбір үстелінің үстіне емтихан тапсырушының сол адам екенін анықтайтын бейнекамера орнатылды», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.
Жүргізуші куәлігін алу үшін 073 формадағы медициналық анықтама қажет. Медициналық тексеруді мамандандырылған бөлімнің ғимаратында орналасқан медициналық кабинет, психиатр және нарколог мамандардан өтуге болады.
Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру екі деңгейден тұрады: бірі – теориялық емтихан, екіншісі – практикалық. Теориялық емтихан 40 сұрақтан құралған, оның 32-іне дұрыс жауап берілуі тиіс. Практикалық емтихан кезінде 12 жаттығудан түратын автодромдағы сызба арқылы жүріп өту қажет.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Дата публикации
28 марта 2022
Дата обновления
28 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

18 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы