Меню

Страницы

Статья

Мекенжай бойынша әр төртінші тіркеу egov.kz арқылы жүргізілген

Қазақстандықтар мекенжай бойынша тұрақты тіркеуге тұру үшін ХҚО-ның онлайн баламасы – egov.kz таңдай бастады. Былтырғы көрсеткіштерді есепке алатын болсақ, ХҚО арқылы 1,5 млн адам, онлайн түрде 479 мың адам тіркеу рәсімін жүзеге асырған, сәйкесіншеәр төртінші азамат тұрғылықты тіркеу рәсімін электронды түрдежүргізген.

Аймақтық бөліністе қарайтын болсақ, мекенжай бойынша тіркеуге онлайн тұрушылар үлесі Нұр-Сұлтан қаласында көп – 91 мың адам, одан кейін Қарағанды (39 мың) мен Павлодар (23 мың) облыстары. Бұл ретте, ең төменгі көрсеткіш Атырау облысына тиесілі (6 мың адам). Батыс-Қазақстан облысында электронды үкімет порталында 10 мыңға жуық адам тіркелді.

«Электронды жаңашылдықтарды құп көретін азаматтардың саны өскені қуантады. Онлайн түрде тіркеуге тұру – уақытты үнемдеп қана қоймай, «Прописканы» сататын делдалдардың жұмысына да тосқауыл болады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Биылғы жылдың қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша онлайн түрде мекенжей тіркеуіне тұрушылар саны біршама өскен.Бұл қызметті алу үшін 184 мың адам ХҚО-ға жүгінсе, 63 мың азамат ешқайда бармай-ақ онлайн түрде жүзеге асырған. 

Бүгінде мекенжай тіркеуін жасату үшін тіркеуге қоюшы және тіркелуші тараптың ЭЦҚ-сы болуы тиіс. Азамат egov.kz-ке тіркелетін мекенжай мен жеке мәліметтерін жазса, баспана иесі оған рұқсатты жеке кабинетіне келген сұрауды мақұлдау арқылы береді.

Дата публикации
03 марта 2020
Дата обновления
07 марта 2020
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы