Меню

Страницы

Статья

Егер сіз шетелге жол жүретін болсаңыз, міндетті түрде паспорт жасатуыңыз керек! Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қалаған уақытта рәсімдеуге болады.

Бұл құжатты алу үшін ХҚО-дағы миграция қызметінің мамандарына келесі құжаттардың бірін ұсынасыз:

туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк)

ҚР азаматының паспорты (паспорт ауыстыратын кезде)

 жеке куәлiк

 iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама

 Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берген қайтып оралу куәлiгi

еркін түрдегі жазбаша өтініш (азаматтың хал актісіне туу туралы, туған жері, ұлты туралы өзгерістерді енгізе отырып айқындамалық деректерді өзгерткен, жоғалған жеке куәлік және (немесе) паспортты қалпына келтіру мәселесі бойынша жүгінген кезде).

Егер балаға паспорт рәсімдейтін болсаңыз:

- туу туралы куәлік

- ата-анасының бірінің жеке куәлігі

8 АЕК мөлшеріндегі баж салығын төлеп, өтініш бергеннен кейін құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады. Қажет жағдайда қосымша ақы төлеп, оның мерзімін жеделдетуге болады.

Паспорт 10 жылға жарамды! Сапарыңыз сәтті болсын!

#қысқанұсқа

Дата публикации
19 февраля 2020
Дата обновления
07 марта 2020
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы