Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - баршаға міндет

       Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамуға, нарықтық экономиканың қалыптасуына теріс әсер етеді. Ел болашағына қауіпі зор. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу-ортақ парыз. Адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру мемлекеттік қызметшілердің басты ұстанымы. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды және заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді.

       Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүйелі түрде атқарылып жатыр. Қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған құқықтық оқытулары жоспарға сәйкес өткізілуде. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының Ақжайық аудандық филиалымен тығыз қатынаста болып, үнемі құқықтық оқутылар ұйымдастырылуда.

       Ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында аудандық бұқаралық ақпараттық құралдарында, яғни ауданның «Жайық таңы» қоғамдық-саяси газетінде,  аудан әкімі аппарытының сайтында мақалалар жарияланып тұрады. Айта кетер болсақ, жыл басынан 4 оқыту өткізіліп, 4 мақала жарияланды.

       Сонымен қатар, ауылшаруашылық тауар өндірішілер мен мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық мәдениет пен сананы қалыптастыру бағытында 2021 жылдың 16 сәіурінде Алмалы ауылында Алмалы, Тайпақ ауылдық округ шаруа қожалық басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Семинарда фитосанитариялық ахуал мен өсімдік шаруашылығы иелерінің міндеттері мен құқықтары, өсімдіктер карантині саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша толық ақпарат беріліп, жадынамалар таратылды.

      Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер туралы» Заңы мен Эдеп Кодекс талаптары мен нормаларын қатаң сақтау, басшылыққа алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, өсімдіктер карантині  саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үнемі басшылықтың бақылауында.

       Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің әрбір азаматының борышы болу керек.    

 

 

ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекция

 басшысы Нысанбаев Махамбет Ерболатұлы

Дата публикации
23 июня 2021
Дата обновления
23 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы