Меню

Страницы

Статья

Қайырымдылықтан қалыс қалмады

"30 игілікті іс" акциясы аясында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Орал қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімдері қызметкерлерінің бастамасымен мұқтаж отбасыларға көмек көрсету бойынша қайырымдылық шарасы өткізілді.
«Қасиетті Рамазан айында біздің қызметкерлер мұқтаж азаматтарға көмек қолын созуға ниет білдірді. Мүмкіндігімізше өзіміз білетін көпбалалы отбасыларға азық-түлік алып беріп, көмектесейік деп шештік. Жақыныңа жанашыр болып, жәрдемдескеннің өзі бір ғанибет»,- дейді Орал қ. №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Светлана Кусаинова.
Қайырымдылық жасау - өмірі, болашағы туралы ойланатын, келешек ұрпағына ізгі ниетті амалдарды қалдыруды қалайтын саналы адамзат өмірінің ажырамас бөлшегі. Сондықтан да бұл бір реттік қана шара емес. Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлері 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні де Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халықтарының ассамблеясы жанындағы "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының бастамасымен өткен 50 отбасыға азық-түлік себетін таратуға атсалысқан болатын.

Дата публикации
25 мая 2021
Дата обновления
25 мая 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы