Меню

Страницы

Статья

«еGov mobile» қосымшасына "Цифрлық құжаттарыңыз" енді

"Цифрлық құжаттарыңыз" енді «еGov mobile» қосымшасында
Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметіне жүгінбестен бұрын еGov mobile қосымшасына тіркелуге кеңес береміз. Өйткені қазіргі уақытта осы қосымшада мемлекеттік қызметтердің көптеген түрі қолжетімді. ХҚО-ға кезекті электрондық түрде алдын ала брондаудан бастап мемлекеттік қызметтер алып қана қоймай, тіпті жеке куәлік, балаларыңыздың туу туралы куәлігі сияқты құжаттарыңыздың цифрлық түрін алуға болады. Бұл пойызға, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша ұшаққа отырарда, нотариус кеңселерінде, ХҚО-ның кеңес беру секторларында цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін жасалған.
"Цифрлық құжаттар" сервисінде оннан астам құжаттың цифрлық көшірмесін алуға болады:
- жеке куәлік, неке қию туралы куәлік;
- баланың туу туралы куәлігі;
- неке қию туралы куәлік;
- электрондық техникалық паспорт;
- жүргізуші куәлігі;
- Covid-19 ПТР тестілеу нәтижесі;
- диплом, студенттік билет және тағы да басқа.
Cондай-ақ, қазіргі уақытта маңызды саналатын вакцинациялау паспорты да осы еGov mobile қосымшасында. «Азаматтардың мобильді дерекқорында» тіркеуде болсаңыз, денсаулық сақтау мекемесі тарапынан тиісті ақпарат енгізілген бойда, еGov mobile қосымшасының «денсаулық паспорты» сервисінен екпе алғандығыңызды растайтын ақпаратты көруіңізге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі

Дата публикации
25 мая 2021
Дата обновления
25 мая 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы