Меню

Страницы

Статья

Азаматтарға арналған үкімет филиалында жаңа басшы

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жаңа басшысы болып Нәдір Құрымбаев тағайындалды. Бұған дейін ол «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарған болатын.
Нәдір Құрымбаев 1984 жылы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында дүниеге келген. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Тарих және география» (2005 ж.), «Құқықтану» (2007 ж.) мамандықтары, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша (2012 ж.) бітірген, Халықаралық бизнес академиясында Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі дәрежесін алған (2012 ж.).
Еңбек жолын 2005 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да кредиттік технология зертханасының сарапшысы болып бастаған, онда 2007 жылға дейін түрлі позицияларда жұмыс істеді. 2007-2008 жылдары «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-да еңбек етті. 2008-2009 жылдары «New Consulting» ЖШС директорының орынбасары болды. 2009-2020 жылдары «Ұлттық стандарт» сертификаттау орталығы ЖШС басқарды. 2020 жылы «AQJAIYQ» ӘКК АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
«Азаматтарға арналған үкіметтің» Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында 650-ден астам қызметкер еңбек етеді. 2020 жылы филиал өңір тұрғындарына 520 мың мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Дата публикации
14 апреля 2021
Дата обновления
14 апреля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы