Меню

Страницы

Статья

Сенбі күндері ХҚО-ға кезекке тұру

  Қазіргі уақытта карантиндік шектеу шараларына байланысты барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде Орал қ. Мамандандырылған ХҚО азаматтарды алдын-ала электрондық брондау арқылы қабылдайды. 
Брондаудың электрондық жүйесі – бұл еліміздің барлық облыстарына бірдей қызмет ететін бірыңғай жүйе. Ал карантиндік шектеу шаралары әр облыста эпидемиологиялық жағдайға қарай әрқалай өзгеріп отырады.  

ХҚО-ға кезекті электронды түрде брондау уақыты аталмыш жүйеде сенбі күні сағат 18.20-ға (Нұр-Сұлтан қ. бойынша) дейін деп көрсетілген, ал Бас мемлекеттік санитар-дәрігердің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 8 «Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы" қаулысына сәйкес ХҚО мен Орал қ. Мамандандырылған ХҚО жұмыс кестесі төмендегідей өзгертілді:
​
- жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша).
- сенбі күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша).
- жексенбі – демалыс. 
​
Осыған байланысты сенбі күндері ХҚО немесе Мамандандырылған ХҚО қызметіне жүгінер кезде 1414 немесе 109 байланыс орталықтары (қоңырау шалу тегін) арқылы бөлім жұмысының кестесін нақтылап алуды сұраймыз.
Сондай-ақ, кезекті электронды түрде брондау www.egov.kz Электрондық Үкімет порталы, Telegram  (бот-@kenes1414bot), eGov mobile қосымшасы арқылы,1414 немесе 109 байланыс орталықтарына қоңырау шалу арқылы жүргізілетінін естеріңізге саламыз.

Дата публикации
14 апреля 2021
Дата обновления
14 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы