Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині саласында үш мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері:
2020 жылдың 26 мамырда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 186 бұйрығымен ҚР аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидасына және өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызмет көрсетудін Стандартына өзгерістер еңгізілді. Еңгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету мерзімі өзгертілді.
"Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтін мерзімі өтінішті портал арқылы берген сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
"Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтін мерзімі өтінішті берген сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: көрсетілетін қызметті беруші; "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығымен бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы берілсе өтініш берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде көрсетіледі.
«Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтін мерзімі өтінішті портал арқылы берген сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалаудың басты мақсаты – ел аумағына карантинді объектілердің әкелінуін және таралуын болғызбау. Осыған байланысты карантинге жатқызылған өнімінің тасымалдау, сату, өткізу кезінде олардың тиісті құжаттары болуы тиіс. Бұлар: фитосанитариялық немесе карантиндік сертификат, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі . Қызметі өсімдіктен алынатын өнімді өндірумен, дайындаумен, өткізумен, тасымалдаумен айналысатын жеке адамдар, ұйымдар карантинге жатқызылған өнімді межелі пункттерінде екінші қайтара карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалаудан өткізуге міндетті.
Карантинге жатқызылған өнімнің иесі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін өнімнің келгені туралы кез келген қолжетімді әдіспен хабардар етеді және келген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей межелі орнында карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру үшін карантинге жатқызылған өнімді көрсетеді. Бақылаудың нәтижесінде карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі ресімделеді. Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзу орын алмаса , карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі бір жұмыс күні ішінде рәсімделеді.
Дерек келтіре кетсек, аудан аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі Ресей Федерациясынан 2020 жылдың қыркүйек – желтоқсан айлары аралығында 14 автокөлік кесілген ағаш өнімдері (пиломатериал) импортталды ( «Нұр ғасыр» ЖШС-13 автокөлік, ЖК «Рыскалиева Г.Г.» - 1 автокөлік). Оларға бақылау және қадағалау жүргізіліп, карантиндік фитосанитарлық қадағалау актілері рәсімделді.
Карантинге жатқызылған өнімді тиісті құжатсыз өткізу және екінші қайтара карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауға ұсынбауы жауапкершілікке әкелетінін ескеру қажет. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодесінің 400-бабына сәйкес жиырмадан бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамына карантинге жатқызылған өнімнің келуі туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабарламау және екінші қайтара тексеруге ұсынбау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті мемлекеттік уәкілетті органынан ақпарат алынғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады.
Өсімдіктер карантині саласы бойынша толық ақпаратты Чапаев ауылы, Мендалиев көшесі, 23 үй мекенжайында орналасқан аудандық аумақтық инспекциядан білуге болады.
Байланыс телефон: 92-4-24
Жексенғали Асқаров, аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор