Достар! Бүгін біз сізге көп балалы отбасы үшін жәрдемақыны қалай рәсімдеу керектігін айтамыз. Жәрдемақыны ХҚКО арқылы рәсімдеу қажет, біз сіздер үшін әрекеттер алгоритмін дайындадық: 📌Тіркелу орны бойынша ХҚКО-ға онлайн кезекке тапсырыс беріңіз және белгіленген уақыттан 20 минут бұрын келіңіз; 📌Жәрдемақыны рәсімдеу үшін келесі құжаттарды өзіңізбен бірге алыңыз: 📎Жеке куәлік; 📎Балалардың туу туралы куәліктері; 📎Төлемдер аударылатын банктік шот нөмірі туралы құжат. ☝️Назар аударыңыз, егер отбасында 18 жасқа толған балалар болса, Сіз 23 жасқа дейін күндізгі бөлімде оқып жүргенде көп балалы отбасы мәртебесін жоғалтпайсыз. Жәрдемақы алу үшін оларға жыл сайын оқу орнынан анықтама беру қажет емес. 📍Төлем мөлшері: 4️⃣ бала -16,03 АЕК (44 531 тг); 5️⃣бала – 20,04 АЕК (55 671 тг); 6️⃣ бала – 24,05 АЕК (66 810 тг); 7️⃣ және одан да көп балаға – 28,06 АЕК (77 950 тг). ⏰Қызмет көрсету уақыты құжаттарды тапсыру күнін есептемегенде 8 жұмыс күні.