Достар, біз бүгін #қысқаданұсқа айдарында ХҚО-дағы жеңілдік терезесі туралы ақпарат бермекпіз. Арнайы терезеден қызметті кімдер ала алады: 📌 Көп балалы аналар 📌 Зейнеткерлер 📌 Мүмкіндігі шектеулі азаматтар Аталған топқа кіретін азаматтар кезекті онлайн брондау барысында Жеңілдік терезесін таңдауы тиіс! 📌 ХҚО-да бұл азаматтар портал арқылы онлайн көрсетілетін және қағаз (жеке куәлік пен паспорттан өзге) жүзінде рәсімделетін қызметтерді ала алады. ❗️Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен 65 жастан асқан зейнеткерлердің ХҚО қызметкерін үйлеріне 1414-ке қоңырау шалу арқылы шақырта алатынын ескертеміз.