Меню

Страницы

Статья

Отбасы және балалар мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

10 тамызда Батыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері Ақжайық ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында мемлекеттік қызметшілермен, қоғам белсенділерімен, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға оны өз бетінше еңсеруге қолдау көрсететін Отбасын қолдау орталығының қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Орталықтың қызметін ақпараттық сүйемелдеу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ведомствоаралық өзара іс-қимыл және мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудан тұрғындары үшін ұйымдастырылып жатқан шеберлік сабақтарына қатысып, олардың барысымен танысты.

Кездесудің екінші бөлігінде жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, Ақсуат ауылына бару ұйымдастырылды.

Жұмыс қорытындысы бойынша аудан әкімдігі өкілдерімен бірлесіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы қосымша шараларды күшейту бойынша нақты ұсынымдар беріліп, тиісті міндеттер айқындалды.

Дата публикации
11 августа 2026
Дата обновления
11 августа 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы