Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы мәселелері

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі мен көрсетілген қызметі 12653,6 млн. теңгені, соның ішінде өндірілген өсімдік шаруашылығы өнімі – 2057,1 млн. теңгені, мал шаруашылығы – 10553,5 млн. теңгені құрады.

2020 жылдың  6 айында 255 млн. теңге инвестиция тартылып, 2019 жылдың сәйкесті кезеңінен 15,3 % көп.

Өсімдік шаруашылығы  

Ауданда ауылдық округтерден берілген жедел мәліметтер және көктемгі – далалық жұмыстардың қортындысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы – 1,39 мың га құрап отыр, бұл Меморандум           (1,32 мың га) көрсеткішінің 106,9% немесе 0,08 мың га көп.

Мал азықтық дақылдар 0,57 мың га егілді немесе Меморандум           (0,42 мың га) көрсеткішінің 137% немесе жоспардан 0,15 мың артық  (көп жылдық шөптер – 0,42 мың га, бір жылдық шөптер – 0,1 мың га, сүрлемді жүгері – 0,05 мың га);

Картоп, көкөніс және бақша дақылдары 0,82 мың га егілді немесе 92,1% (картоп – 0,12 мың га, көкініс дақылдары – 0,2 мың га, бақша дақылдары – 0,49 мың га).

 Картоп, көкөніс-бақша өнімін жинау. 17 қыркүйек 2020 жылға аудан бойынша  жиналғаны картоп 0,06 мың га алынған өнім 0,73 мың тонна, көкөніс 0,17 мың га алынған өнім 2,3 мың тонна, бақша 0,47 мың га алынған өнім 6,3 мың тонна.

Мал азығын дайындау.

2020-2021 жылдың мал қыстағына малды азықпен қамтамасыз ету үшін 241,7  мың тонна шөп дайындау жоспарланып отыр. Жедел ақпарат бойынша 2020 жылдың 17 қыркүйегіне  208,2 мың тонна шөп дайындалды, бұл қажеттіліктің 86,1 құрап отыр.

Мал шаруашылығы

2020 жылдың 1 қыкүйегіне мүйізді ірі қара 100,6 мың басты (108,4%), жылқы – 41,0 мың басты (114,3%), құс – 36,3 мың басты (101,7%) ешкі – 55,4 мың басты (103,4%), түйе – 0,21 мың басты (111,0%) құрап өссе, қой – 201,6 мың басты (98,7%), құрап кеміп отыр.

Мал шаруашылығы саласында 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында 7,143 мың тонна тірілей салмақта мал және құс еті өндірілді немесе 2019 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 102,6%-ды құрады. Барлық шаруашылықтар бойынша сүт өндіру 24,4 мың тонна (100,1%), өндірілген жұмыртқа 1,9 млн. дананы (100,0%) құрап отыр.

2020 жылдың 1 қаңтарына ауданда 65 асыл тұқымды шаруашылық тіркелген, соның ішінде, 52 асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен, 5 шаруашылық қой өсірумен, 8 шаруашылық жылқы өсірумен айналысады.

Аталған шаруашылықтарда 10930 бас асыл тұқымды ірі қара малы, 6149 бас қой, 4669 бас жылқы өсірілуде.

Барлық санаттағы асыл тұқымды мал басының үлес салмағы жалпы мал басынан, ірі қара мал – 12,3 %-ды, қой – 2,7%-ды, жылқы – 13,5%-ды құрайды.

2020 жылғы  II жартыжылдықтың міндеттері:

 

  • облыстың ауыл шаруашылығын дамытуды қолдауға бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты және толықтай игерілуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастыушылық жұмыстарды жүргізу;
  • 2020-2021 жылдың мал қыстағына ірі мал азығын барынша мол көлемде дайындауды қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жоспарлы көрсеткіштерді орындау;
  • ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемдерінің өсуін қамтамасыз ету;
  • ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін және қайта өңдейтін өндіріс орындарын құруға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ықпал ету.

 

 

Дата публикации
23 сентября 2020
Дата обновления
23 сентября 2020
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы