Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидасына» сәйкес өсімдіктер карантині саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері:

- «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру».

- «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру».

- «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу».

 - «Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру».

Аталған қызметтердің барлығы тегін көрсетіледі. 

Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині саласында 2 (екі) мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олар: «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» және «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру».

Мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын карантиндік сертификат алу мерзімі- өтінішті портал арқылы берген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс сағат ішінде көрсетіледі. Өтінімдер  www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталында қабылданып, сертификаттарды да осы платформалардан алуға болады.

Ал егер өз өніміңізді елімізден тыс аумақтарға шығаратын болсаңыз, онда «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметіне жүгінесіз. Бұл сертификатты өтініш берген сәттен 2 (екі) жұмыс күнін ішінде ала аласыз.

Сондай-ақ, карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген,  карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілсе, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауға карантиндік сертификат және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде қаралып, қызмет көрсетіледі.

Өсімдіктер карантині саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша толық ақпаратты Чапаев ауылы, Мендалиев көшесі, 23 мекен-жайында орналасқан аудандық аумақтық инспекциядан білуге болады.

 

Жексенғали Асқаров, аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 ноября 2024
Дата обновления
11 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы