Ауыл шаруашылығы дақылдарынан өнім алатын тауарөндірушілердің фитосанитариялық міндеттері бойынша іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңымен қадағаланады.
Яғни өсімдіктен өнім алатын, өндірісінде арнайы бүріккіш (опрыскиватель) және дәрілегіш техниканы пайдаланатын немесе пестицидтер қолданатын тұлғалардың қызметі мемлекеттік фитосанитарлық бақылау объектісіне жатқызылған. Жоғарыда аталған заңның 13, 14-5 баптары фитосанитарлық есепті жүргізуді және өсімдіктерді қорғау жөніндегі уәкілетті органға уақытылы тапсырып тұруды міндеттейді.
Қазіргі таңда фитосанитариялық есепке алу нысандары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы №15-02/584 бұйрығына сәйкес, 5 нысан бойынша қағаз түрінде тапсырылып келді.
Қазіргі таңда «Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша бизнес үшін есептерді цифрландыру» пилоттық жобасы аясында бизнес-серіктестер тізілімі платформасында https://kyc/kz/auth/registration фитосанитарлық есептерді тапсыру үшін кәсіпкерлік субъектілердің тіркелуі жүргізілуде. Ол үшін субъект басшысы аталған платформаға кіріп, тіркеледі және БИН немесе ЖСН-ді электронды кілт арқылы растауы тиіс.
Аталған шара пилоттық режимде жұмыс істеуде және 2025 жылдың басынан іске қосылған жағдайда барлық фитосанитарлық есептер тек платформа арқылы тапсырылады. Осыған дейін шаруашылықтар тіркеуден өтуде қиындықтар немесе сұрақтар туындаған жағдайда төменедегі телефон арқылы мағлұмат алуларына болады.
Фитосанитарлық есепті тапсырмаған немесе уақытында тапсырмаған шаруашылық құрылымдарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 403-бабына сәйкес, жеке тұлғалар – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне- он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекиясы - байланыс телефоны : 8-71136-92424. Электронды адрес : makashev.zh@minagri.gov.kz
Жаслан Макашев
ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы