Меню

Страницы

Статья

Өсімдіктер карантинінен не хабар?

«Өсімдіктер карантині туралы» Заңына сәйкес, өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi: Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау; карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу; Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу.

Осыған байланысты карантинге жатқызылған өнімді өсірумен,  тасымалдаумен, сатумен, өткізумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар «Өсімдіктер карантині туралы» Заңын талаптарын үнемі сақтау және орындауын міндетті. Айта кетсек, егiстiктi, аумақты, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймаларды жүйелi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге, карантиндi объектiлер анықталған жағдайда уәкілетті органды дереу хабардар етуге, карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды өз қаражаты есебінен жүргізу міндетті түрде тиісті.

Карантинге жатқызылған өнім иелерінде тасымалдау, сату, өткізу кезінде олардың карантиндік құжаттары, яғни фитосанитарлық немесе карантиндік сертификаты, фитосанитарлық бақылау және қадағалау актісі болуға тиіс.

Осыған орай Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясында өсімдіктер карантині саласы бойынша екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі: карантинге жатқызылған өнімді Республика аумағында тасуға карантиндік сертификат беру және Республикадан тыс жерлерге әкетуге фитосанитарлық сертификат беру. Бұл қызметтер тегін көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының тағы бір талабы - карантинге жатқызылған өнімді межелі пункттерінде екінші қайтара карантиндік  фитосанитарлық бақылау және қадағалаудан өткізу. Карантинге жатқызылған өнімнің иесі  уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін  өнімнің келгені туралы кез келген қолжетімді әдіспен хабардар етеді, келген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей  карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру үшін  өнімді көрсетеді.

Карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік құжатсыз өткізілуі мен сатылуы жауапкершілікке әкеледі. Жоғарыда айтылған басқа да заң талаптарының шектеуін бұзу айқындалған жағдайда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 400-бабына сәйкес, жиырмадан бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Өсімдіктер карантині саласы бойынша толық ақпаратты аудан орталығындағы Мендәлиев көшесі, 23-үй мекенжайы бойынша орналасқан аудандық аумақтық инспекциядан білуге болатынын еске саламыз.

 

Жексенғали Асқаров, аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор

 

Дата публикации
19 сентября 2024
Дата обновления
19 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы