Меню

Страницы

Статья

Карантиндік арамшөптер

Қазіргі заманға сай жер өңдеу шаруашылығының басты проблемаларының бірі карантиндік ағзалармен күрес болып табылады.Карантиндік нысандардың ішінде ең көп таралғаны-карантиндік арамшөптер.

Карантиндік арамшөптер – олардың түрлері, еліміздің аумағында кесдеспейтін немесе шектеулі таралған, бірақ өздігінен сырттан ене алатын және ауыл шаруашылығы дақылдарына, шаруашылық өніміне орасан зор зиян тигізеді.

Карантиндік арамшөптермен залалданған алқаптарда алынатын өңімнің күрт азаюы байқалады, ал агротехникалық шараларды қолданбаған жағдайда ауыл шаруашылығы өсімдіктердің жойылуына әкеледі.

Карантиндік арамшөптермен күресу мемлекетіміздің басты шараларының бірі болып отыр.Өсімдік шаруашылығында карантиндік арамшөптерді жою мақсатында түрлі кешенді тәсілдер қолданады, олар: агротехникалық, биологиялық, химиялық жоғары уытты гербицидтерді енгізу арқылы арамшөптердің дамуын тежеу, олардың әрі қарай дамуына жол бермеу.

Ақжайық ауданы аумағында таралған карантиндік арамшөптің түрі – ол жатаған укекіре. Жатаған укекіре атпа тамырлы арамшөптерге жатады, ол ерекше зиянды карантиндік арамшөп, онымен күресу қиындыққа әкеліп соғады, себебі ошақтанып өседі.

2023 жылы ауданда жатаған укекіреге қарсы зерттеу жұмыстары  10000 га жерде жүргізілді. Залалданған жер көлемі 2643,6 га жерді құрады. Өңдеуге жататын жер көлемі 196 га, оның ішінде152 га мемлекеттік жер қоры және 44 га орман шаруашылығы жер қоры. 2023 жылы республикалық бюджеттен карантиндік нысандарды жою мақсатында барлығы 196 га жерге химиялық өңдеу шаралары жоспарланғанымен, залалданған 60,07 га мемлекеттік жер қорында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде Ақжол а/о-13 га, Бударин а/о- 14 га, Жаңабұлақ а/о- 3 га, Қабыршақты а/о- 13,07 га, Чапаев а/о- 17 га.  

Биылғы жылы да жатаған укекіре бойынша зерттеу жұмыстары  10000 га жерде жүргізу жоспарлануда. Күні бүгінге  196 га жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Жоспарға сай химиялық өңдеу жұмыстары маусым айының екінші жартысында жүргізіледі.

Карантиндік арамшөптермен күресу өте күрделі сондықтан олардың пайда болуын, әрі қарай дамуын болдырмау – басты мәселе.

 

Жексенғали Асқаров, аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы- өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор

Дата публикации
14 июня 2024
Дата обновления
14 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы