Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы БҚО филиалының Ақжайық ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында қоғамдық қабылдау өткізілді.
Аудан әкімдігімен ұйымдастырылған қабылдауға аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Ж.Қарашина, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы А.Уалиев және жер қатынастары бөлімінің бас маманы М.Ғатауов қатысып, қабылдауға келген азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қойған сауалдарына жауап берді.