Меню

Страницы

Статья

Фитосанитариялық есеп туралы

Ауданымыздың жер құрамдық ерекшелігіне байланысты шаруашылық құрылымдар бау-бақшамен айналысып, картоп, сәбіз, қарбыз, қауын мен қияр-қызанақ егіп, өндіруде.

Саладағы шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер өсімдік шаруашылығындағы кейбір мемлекеттік қадағалау тетіктерін біле-білмейді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан өнім алатын тауарөндірушілердің фитосанитариялық міндеттері бойынша іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңымен қадағаланады.

Яғни өсімдіктен өнім алатын, өндірісінде арнайы бүріккіш (опрыскиватель) және дәрілегіш техниканы пайдаланатын немесе пестицидтер қолданатын тұлғалардың қызметі мемлекеттік фитосанитарлық бақылау объектісіне жатқызылған. Жоғарыда аталған заңның 13, 14-5 баптары фитосанитарлық есепті жүргізуді және өсімдіктерді қорғау жөніндегі уәкілетті органға уақытылы тапсырып тұруды міндеттейді.

Фитосанитариялық есепке алу нысандары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы №15-02/584 бұйрығына сәйкес, шаруа құрылымдар 5 нысан бойынша тапсырады. Оның ішінде ұсыну мерзімдері бойынша жылдық (жыл сайын 10 қаңтарға), жарты жылдық (10 қаңтарға, 10 шілдеге) және өндіріс кезеңіне қарай айлық (наурыз-қыркүйек айларының есептері келесі айдың 10-нына) есептер қаралған.

Фитосанитарлық есепті тапсырмаған немесе уақытында тапсырмаған шаруашылық құрылымдарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 403-бабына сәйкес, жеке тұлғалар – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне- он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Фитосанитариялық есептiлiктiң нысандарын және басқада сұрақтар бойынша ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекиясынан біліп, алуға болады. Байланыс телефоны : 8-71136-92424. Электронды адрес : makashev.zh@minagri.gov.kz

 

Жаслан Макашев

ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы

 

Дата публикации
15 марта 2024
Дата обновления
15 марта 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы