Меню

Страницы

Статья

Өсімдіктер карантині саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині саласында екі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұл: «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» және «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру». Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Карантиндік сертификат карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау үшін беріледі. Карантиндік сертификат беру «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі  1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Сертификаттарды да осы платформалардан алуға болады. Мысалы, 2021 жылы Алмалы ауылдық округіне қарасты 2 шаруа қожалығы  («Ақбұлақ» ш/қ, «Балауса» ш/қ) Атырау қаласына  карантинге жатқызылған өнімді (қарбыз)  шығару үшін 5 карантиндік сертификат алған болса,  2022 жылы 3 шаруа қожалығы  («Ақбұлақ» ш/қ, «Балауса» ш/қ, «Бахтияр» ш/қ)  6 карантиндік сертификат алды.

Фитосанитариялық сертификат Қазақстан аумағынан экспортқа шығарылатын карантинге жатқызылған өнімге беріледі немесе еліміз аумағына импортпен кіргізілген карантинге жатқызылған өнімге беріліп, соңғы жеткізу пунктінде карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі толтырылады. Бұл сертификатты өтініш берген сәттен 3 жұмыс күнінде ала аласыз.

Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығымен бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген, карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйінің  карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы берілсе, өтініш берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде, жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде көрсетіледі. Сонымен қатар, карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген, карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйінің  карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы берілсе, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауға карантиндік сертификат және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде қаралып, қызмет көрсетіледі.

  Мысалы, 2020 жылы  ауданымыздан Ресей Федерациясына қарбыз шығару үшін 1 фитосанитариялық сертификат берілсе, 2022 жылы қауын шығару үшін 1 фитосанитариялық сертификат берілді. Бұл, әрине, аз көрсеткіш. Сондықтан бақша шаруашылығымен айналысатын жерлестерімізді заң талаптарын сақтай отырып, бірлесіп жұмыстануға шақырамыз.

Сонымен қатар,  2023 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 211 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 2 маусымда № 32669 болып тіркелген) «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Ережесіне және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне өзгерістер еңгізілді. Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Өсімдіктер карантині саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша толық ақпаратты Чапаев ауылы Мендалиев 23 мекенжайында орналасқан аудандық аумақтық инспекциядан білуге болады.

Байланыс телефон: 92-4-24.

 

Жексенғали Асқаров  аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы

Дата публикации
29 июня 2023
Дата обновления
29 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

18 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы