Меню

Страницы

Статья

Шегірткелерге қарсы күрестегі техникалық қауіпсіздік

Ауыл шаруашылығындағы көкөніс-бақша дақылдары мен жайылым және шабындық алқаптарына күрделі зиян келтіретін аса қауіпті зиянкестер топтамасының бірі шегіртке тектестер. Қазіргі таңда ауданымызда зиянды организм болып табылатын - үйірсіз (саяқ) шегірткелер мен аса қауіпті зиянды организмге жатқызылған - үйірлі шегіртке Итальяндық прус таралуы байқалып отыр.

Былтырғы шегіртке тектестерге жүргізілген мониторингтік шаралардың қорытындысы бойынша 2023 жылға саяқ шегірткелердің дернәсілдеріне қарсы химиялық улау жұмыстары Алмалы а/о-1040 га, Алғабас а/о-360 га, Бударин а/о-1980 га, Жаңабұлақ а/о-400 га, Қабыршақты а/о-320 га, Чапаев а/о-2040 га мемлекеттік жер қорындағы жерлер жергілікті бюджет есебінен химиялық өндеуден өткізілуі жоспарланған.

Итальяндық прус шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын Бударин ауылдық округінt қарасты ауыл шаруашылық 2500 га жерге жүргізу болжанды.

Жүргізіліп жатқан шегіртке тектестердің дернәсілдері бойынша көктемгі-жазғы зерттеу жұмыстарының негізінде химиялық улау жұмыстары саяқ шегіртке бойынша маусым айының 6 күні басталып, Алмалы а/о-де 500 га, Тайпақ а/о-де 400 га жер химиялық улаудан өткізілді, итальяндық прус шегірткесіне өңдеу жұмыстары 14 маусымда басталады деп күтілуде.

Химиялық улау әдісінің мәні, нақты бір зиянкес түріне немесе топтарына әсерлігіне байланысты пестицид атаулы химиялық препараттарды қолдану арқылы жою.

Өсімдіктерді қорғауда химиялық өңдеу әдісін қолданған кезде, көптеген пестицидтардың зиянды организмдерге, аурулар мен арам шөптерге улы әсері адамдар мен ауыл шаруашылық жануарларға да зиянды болу мүмкіндігін естен шығармау қажет. Барлық химиялық улау жұмыстары қатаң бақылауда жүргізілуі тиіс. Өңдеу жұмыстары барысында еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі жұмыстарын ұйымдастыру үшін жауапкершілік шаруашылық құрылымдардың басшыларына немесе химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге шақырылған арнайы білімі бар мамандарға жүктеледі. Химиялық улау жұмыстарына тартылған барлық персонал жұмыстар алдында нұсқамалық алады, медициналық байқаудан өтеді және жеке қорғаныс құралдарымен қамтылады. Негізінен жеке қорғаныс құралдарына газтұтқыш респиратор, резенке етік пен қолғап. Пестицидтармен жұмысқа балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер, сонымен қатар орталық жүйке жүйесі, жүрек-тамыр жүйесі, бүйрек, бауыр ауруларына шалдыққан адамдар жіберілмейді. Улау жұмыстары барысында тамақтану, сусын ішу, темекі тартуға тыйым салынады.

Улау жұмыстары таңғы және кешкі уақыттарда жүргізіледі. Жауын-шашын кезінде өңдеу жүргізілмейді.

Сондықтан-да ауылшаруашылық жануарлар иелерінен химиялық өңдеу жүргізілген аймақта мал бағылмауын қамтамасыз етулері сұралады. Пестицидпен өңделген аумаққа адамдарға 7-14 күннен кейін шығуға рұқсат етіледі.

Жаслан Макашев –ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор

Дата публикации
12 июня 2023
Дата обновления
12 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы