Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы бекітілген №605 бұйрығына сәйкес «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтері тәртібімен жыл сайын 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейінгі кезеңдерде Қазақстан Республикасы 18-27 жас аралығындағы азаматтарды әскери қызметке шақыртылатыны белгілі.
Мемлекеттік қызметтер «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы 6 жұмыс күн ішінде көрсетіледі. Бұл қызметтер ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап проактивті форматқа көшіріліп, әскерге шақырушыларға 1414 нөмірінен шақыру мәртебесі туралы SMS хабарлама жіберіле бастады.
Бұрын әскерге шақырылған азаматтар әскери комиссариаттарға барып, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға құқылы екенін дәлелдеу қажет болса, мемлекеттік органдардың дерекқорларын интеграциялау арқылы азаматтарды мерзімді қызметтен автоматты түрде босатуға мүмкіндік бар.
Хабарламаларды «Электрондық үкіметтің» веб-порталының Мобильді азаматтар базасында тіркелген азаматтар ғана алады.
Жыл басынан аталған мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсетушілер тарапынан мемлекеттік қызметтердің мерзімдері бұзу, негізсіз бас тарту фактілері анықталды.
Анықталған бұзушылықтарға қатысты ағымдағы жылдың 17 мамырында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында қаралды.
Отырыста мемлекеттік қызметтер көрсету барысында облыстағы мүдделі оқу орындарының шәкірттері туралы деректердің тиісті ақпараттық жүйеге уақытылы енгізілмеуі айтылып, орын алатын кемшіліктерге ұсыныстар берілді.
Егер мемлекеттік қызметтерді алу кезінде Сізге қызмет көрсетуші әдеп тәртібін сақтамаса, 6 жұмыс күн мерзімінен кешіктірсе немесе оқу орнынан анықтама талап етіп, негізсіз бас тартқан жағдайларда, қызмет көрсетушінің шешіміне, лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқығыңыз бар.
Бұл ретте, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне eotinish.gov.kz Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы электрондық түрде шағым бере аласыз.
Қосымша анықтама үшін байланыс телефоны: 8 (7112)-50-41-18.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы А.С.Кабдрашов
Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы М.А. Құрамыс