Жоба
Ақжайық ауданы бойынша
2020-2021 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»және 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңдарына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.
2.Ақжайық аудандық мәслихаты аппаратының басшысына (А.Ашабаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.