Меню

Страницы

Статья

Ақжайық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Ақжайық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

 

 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына,  Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №98 «Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген) сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
  2. Ақжайық аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Ашабаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                       Қ.Қуаншалиев

 

 

Мәслихат хатшысы                                                 С.Сиражев

 

 

Ақжайық аудандық мәслихаттың

2019 жылғы ______________

№___ шешіміне

қосымша

 

Ақжайық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

 

№

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын обьектілер

Есептік бірлік

Жылдық норма, 1 есептік бірлікке куб метр

1.

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,50

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және тағы сол сияқтылар

1 орын

0,46

3.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,65

4.

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,28

5.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,52

6.

Емханалар

1 келіп кету

0,0013

7.

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,30

8.

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,19

9.

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,23

10.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,13

11.

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

0,01

12.

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,07

13.

Спорттық, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

0,03

14.

Азық-түлік, өнеркәсіп тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,19

15.

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,13

16.

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

0,14

17.

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

1,85

18.

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,43

19.

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,30

20.

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

0,26

21.

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

0,78

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 - шаршы метр.

 

 

Дата публикации
12 сентября 2019
Дата обновления
12 сентября 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

18 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы