Меню

Страницы

Статья

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

Коммуналдық меншікке келіп түскен

қараусыз қалған жануарларды келіп

түсу және пайдалану қағидаларын

бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары бекітілсін.
  2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Е.Умитов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Шиниязовқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі                                             Қ.Айтмұхамбетов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақжайық ауданының экономика және

қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

басшысы

________________Б.Давлетов

«___»___________ 2019 жыл

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақжайық ауданының ветеринария

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

басшысы

________________М.Нуралиев

«___»___________ 2019 жыл

 

Ақжайық ауданы әкiмдiгiнiң 
2019 жылғы «__» сәуірдегі
№ __ қаулысымен бекітілген

 

 

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары (әрі қарай-қағидалар) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
  2. Тұлға өзінің бағуындағы қараусыз қалған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және осы қағидалармен айқындалған тәртіпте пайдаланылады.

 

  1. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі

 

  1. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-беру актісі қараусыз қалған жануарларды берген тұлғаның, тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі-әкім), «Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және «Ақжайық ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі –экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Қабылдау-беру актісі экономика және қаржы бөлімінің басшысымен немесе оны алмастыратын лауазымды тұлғамен бекітіледі.

Қабылдау-беру актісінде міндетті түрде қараусыз қалған жануарлардың жасы, тұқымы, түсі, жынысы, жай-күйі және саулығы көрсетілуі тиіс.

 

  1. Қараусыз қалған жануарларды бағалау, есепке алу және бекітіп беру

 

  1. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды одан әрі пайдалану үшін оларды аудандық коммуналдық мүліктер тізбесіне енгізу және бағалау (қайта бағалау) жүргізіледі. Тізбеге енгізу және бағалау (қайта бағалау) жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.
  2. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін қараусыз қалған жануарлар аудан әкімдігінің қаулысы негізінде тиісті әкімдердің аппараттарының теңгеріміне бекітіліп беріледі. Теңгерімге алу Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілеген тәртіпте қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады.

 

  1. Қараусыз қалған жануарларды одан әрі пайдалану

 

  1. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарлар мынадай тәсілдердің біреуімен пайдаланылады:

1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне өтеусіз беру;

2) аукцион арқылы сату;

3) сауда ұйымдары арқылы сату;

4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарын қоспағанда) қорғайтын арнайы орындарға өтеусіз беру.

  1. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды одан әрі пайдалану тәсілі әрбір нақты жағдайда аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссиямен (бұдан әрі–комиссия) шешіледі. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.

 

  1. Қараусыз қалған жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару

 

  1. Қараусыз қалған жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару туралы өтініш түскенге дейін сатылған немесе басқа меншік иесіне өтеусіз берілген жағдайда, оларды сатудан түскен түсім немесе олардың құны бұрынғы меншік иесіне жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Бұл кезде қараусыз қалған жануарларды бағумен байланысты шығынның көлемі шегеріледі.
  2. Қараусыз қалған жануарларды қайтару немесе олардың құнын өтеу бұрынғы меншік иесімен және экономика және қаржы бөлімімен арада жасалатын шартпен рәсімделеді.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

  1. Қараусыз қалған жануарларды сатудан түскен қаражат Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте толығымен жергілікті бюджет кірісіне есептеледі.
  2. Қараусыз қалған жануарларды есепке алу, бағалау, сату және өтеусіз беру бойынша шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Дата публикации
02 мая 2019
Дата обновления
02 мая 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

18 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы