АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Чапаев ауылы                                   №33                          2026 жылғы 9 сәуір

 

 

2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалған

Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің

сайлауына байланысты Жамбыл ауылдық округі әкімі лауазымына

кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

                         

        

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2)тармақшасына,       28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. 2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 15 сәуір күні сағат 17:00-де Жамбыл ауылдық мәдениет үйінде (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. 2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспар бекітілсін (1-қосымша).
  3. Осы шешім Жамбыл ауылдық округі әкімі лауазымына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
  4. Осы шешім Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары С.Стармаусоваға жүктелсін.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Ақжайық ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                          Е.Мангуров

Дата публикации
09 апреля 2026