Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 2026 жылғы 5 сәуірде Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының                            9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 776 азамат енгізілді, оның ішінде – 292 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 11, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар –9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Джанаев Ж.М – 15

Сарбупеев С.Е – 11

Темірғали Е.Б – 246

Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округінің әкімі болып Ерлан Базарбайұлы Темірғали сайланды, 1966 жылы туған, «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілерін таратушы компаниясы» ЖШС-нің электромонтеры, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

                Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 апреля 2026