АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 31 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Жамбыл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Жамбыл сайлау округі бойынша:
Ақжайық ауданы бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1-еуі «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің БҚО Ақжайық аудандық филиалынан, ал 2-еуі өзін-өзі ұсынғандар.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы