Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті өсімдік түрлерінен қорғау мақсатында өсімдіктер карантині бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізу көзделген. Бұл бағыттағы жұмыстар тұқымдар мен отырғызу материалдарына, көкөністерге, жемістерге, жидектерге, саңырауқұлақтарға, жаңғақтарға, ұнға, жармаға, кептірілген жемістерге, барлық астық түрлеріне және оларды қайта өңдеу өнімдеріне, ағаш материалдарына, карантин аймақтарынан келген көлік құралдарына, ұйымдардың аумақтары мен үй-жайларына, өсімдік өнімдерін өндіретін, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін және өткізетін шаруа (фермерлік), жеке қосалқы және саяжай шаруашылықтарына, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы жерлерге қолданылады.
Карантиндік объектілерге мыналар жатады: өсімдік зиянкестері – қауын шыбыны, американдық ақ көбелек, сыған көбелегі, шығыс жеміс жемірі, калифорниялық қалқанша, Комсток құрты; арамшөптер – жатаған кекіре (қызғылт), жусан жапырақты амброзия, көпжылдық амброзия, шырмауықтар, тікенекті алқа (клюковидті); бөтен текті түрлер – ерекше жүгері қоңызы, ясеннің изумруд түсті тар денелі зергер қоңызы, батыс, солтүстік және оңтүстік жүгері қоңыздары.
Қызметі карантиндік өнімді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты жеке және заңды тұлғалар егістіктерге, аумақтарға, қоймаларға жүйелі түрде тексеру жүргізуге міндетті. Карантиндік объектілер анықталған жағдайда бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауы тиіс. Сонымен қатар, карантиндік арамшөптермен ластанған тұқымдарды егуге пайдаланбайды, карантиндік өнімді бөлек сақтап, тазалайды және карантиндік объектілер таралған аймақтарда дайындалған өнімге ерекше талаптар қояды.
Қазақстан Республикасынан карантиндік өнімді әкету тек фитосанитарлық сертификат болған жағдайда ғана рұқсат етіледі, олар мемлекеттік қызмет көрсету аясында беріледі.
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен мынадай шаралар жүзеге асырылады: карантиндік арамшөптердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою, жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы объектілер мен жер учаскелерінде; залалданған карантиндік өнімді залалсыздандыру, техникалық өңдеу, тазарту және жою, сондай-ақ оны қайтару; үй-жайлар мен көлік құралдарын залалсыздандыру және тазарту.
Фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы филиалының мамандары жүргізген мониторинг негізінде келесі жылы республикалық бюджет есебінен мемлекеттік қор жерлерінде 117 гектар аумақта жатаған кекіреге қарсы өңдеу жүргізу жоспарлануда.
Жексенғали Аскаров, аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі бас маманы – мемлекеттік инспектор.