АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Үлгілік біліктілік талаптары
Е-R-1 санаты бойынша ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдар бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, E-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында не әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Қажетті құжаттар тізімі
Саяси партия ұсынған кандидаттың тапсыратын құжаттары:
- Саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаты;
- Саяси партияның тиісті филиалы жоғары басшы органының ауылдық округ әкіміне кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
- Саяси партияның уәкілетті органға тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
- Азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші
- Кандидат туралы өмірбаяндық деректері;
- Жеке басты куәландыратын құжаттың және паспорттың (бар болса) көшірмесі;
- Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен куәландырылған партиялық билеттің көшірмесі немесе саяси партияға мүшелігін растайтын құжат;
- Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) (ағымдағы жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;
- Саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат (банктен түбіртек, 85 000теңге)
- Сауалнама;
- Өмірбаян;
- Білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері (нотариалды куәландырылған)
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
- Еңбек кітапшасының көшірмесі;
- 3х4-фото- 4 дана, jpg форматында фото-1 дана;
- Неке қию (бұзу) туралы куәлік көшірмесі;
- Жақын туыстарының қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері (егер ондай жақын туыстары болған жағдайда).
Өзін-өзі ұсынған кандидаттың тапсыратын құжаттары:
- Азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
- Кандидат туралы өмірбаяндық деректері;
- Жеке басты куәландыратын құжаттың және паспорттың (бар болса) көшірмесі;
- Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) (ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;
- Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат (банктен түбіртек, 85 000 теңге);
- Сауалнама;
- Өмірбаян;
- Білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері (нотариалды куәландырылған)
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
- Еңбек кітапшасының көшірмесі;
- 3х4-фото 4 дана, jpg форматында фото-1 дана;
- Неке қию (бұзу) туралы куәлік көшірмесі;
- Әкімдікке кандидатты қолдап қол жинау парағы (тиісті сайлау округінің дауыс беруге құқығы бар сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз дауысымен қолдау табуға тиіс);
- Жақын туыстарының қайтыс болу туралы куәліктерінің көшірмелері (егер ондай жақын туыстары болған жағдайда).
Нысандардың үлгілері (ұсынуға өтініш, өмірбаяндық деректер, өмірбаян, сауалнама, кандидаттың қызметтік тізімі) Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсындағы «Сайлау» бөлімінде орналастырылған.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы