АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

Чапаев ауылы                                   №3                       2026 жылғы 25 ақпан

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округі әкімін

сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                   4-тармағына және 22-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Базаршолан ауылдық округі аумағының шекарасында – Базаршолан сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында және аудандық қоғамдық - саяси «Жайық таңы» газетінде жариялансын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         

 

 

       Ақжайық ауданының аумақтық сайлау

       комиссиясының төрағасы                                                            Е.Мангуров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 февраля 2026