АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Чапаев ауылы №4 2026 жылғы 25 ақпан
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округі әкімінің сайлауын
2026 жылғы 5 сәуірге тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының 1 тармағының 1 тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 5 сәуірге тағайындалсын.
- 2026 жылғы 5 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Ақжайық ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында және аудандық қоғамдық – саяси «Жайық таңы» газетінде жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Мангуров