Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1 және 2- тармақтарына сәйкес, 2026 жылғы 18 қаңтар күні Ақжайық ауданының Базатөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11 бабының 1-тармағына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 21 қаңтардағы №5 шешімімен Базартөбе ауылдық округінің әкімін тіркеді:
Зиеденов Нурбек Кенжеевич, 1975 жылы туған, Базартөбе ауылдық округінің әкімі, Ақжайық ауданының Базартөбе ауылында тұрады.
Ақжайық ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мангуров