Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2026 жылғы 18 қаңтарда Ақжайық ауданының Базартөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының            2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Базартөбе ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 637 азамат енгізілді, оның ішінде – 337 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 13, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар –16.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Зиеденов Н.К – 232

Калелова С.С – 32

Мақсотов Ш.Т – 44

Ақжайық ауданының Базартөбе ауылдық округінің әкімі болып Нурбек Кенжеевич Зиеденов сайланды, 1975 жылы туған, Базартөбе ауылдық округінің әкімі, Ақжайық ауданы Базартөбе ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

                            Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 января 2026