Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының пайыздық көрсетілімінде мүгедектер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектерді жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленуде.
Қазіргі таңда Ақжайық ауданы бойынша барлығы 1398 мүгедек жан бар. Соның ішінде жұмысқа жарамды адам саны-524 адам (с.і. жұмыс жасайтындары-189 адам). Күні бүгінге жұмысқа жарамды жұмыссыз мүгедектердің саны-335 адамды құрайды.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңның («Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7- бабы
7) тармақшасына сәйкес, осы санаттағы азаматтарды жергілікті атқарушы органдар белгіленген квота бойынша, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру.
Ақжайық аудандық
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Ж.Нұржанова