Ақжайық ауданының
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
талдамалық анықтама
1. Жалпы ақпарат
2025 жылдың IV-ші тоқсанында 1152 қызмет көрсетілді.
Соның ішінде,
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 266
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны – 0;
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0;
Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны:
- www.egov.kz портал арқылы – 42;
- www.elicense.kz порталы – 541;
- Ақпараттық жүйелер арқылы («Е-Собес» АЖ, «Рынок труда» АЖ, «ЗАГС» АЖ, kezekte.kz, Е-халык, Баспана маркет) –275 қызмет көрсетілді
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 28 қызмет көрсетілді;
Ақжайық ауданы бойынша мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 4 (тікелей эфир - 1, мақала жариялау-3, дөңгелек үстел-1) оған тартылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 1 ішкі бақылау шарасы жүргізілді (Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты,). Нәтижесінде 3 ұсыныс берілді.
Өткізілген шаралар
2025 жылдың 20 қараша күні №47 Жайық таңы газетіне Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бас маманы Жолдыгалиева Зульфия мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мақаласы жарияланды.
2025 жылдың 4 желтоқсан күні №49 Жайық таңы газетіне Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сахипова Сакыпжамал мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мақаласы жарияланды.
2025 жылдың 5 желтоқсан күні газетіне Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Facebook парақшасы арқылы тікелей эфир өткізді.
Қамтылғандар саны:13 адам.
https://www.facebook.com/share/v/1BektDZfyV/
2025 жылдың 22 желтоқсан күні Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратында ішкі бақылау қорытындысының ұсынысына сәйкес аппараттың мемлекеттік қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Қамтылғандар саны: 7 адам.
https://www.facebook.com/share/p/19fEuWx1e7/?mibextid=wwXIfr