Ақжайық ауданының
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
талдамалық анықтама
2025 жылдың III-ші тоқсанында 1053 қызмет көрсетілді.
Соның ішінде,
Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны:
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 2 (Қабыршақты ауылдық округі әкімі аппараты-1, Құрайлысай ауылдық округі әкімі аппараты-1).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 7 (тікелей эфир - 3, мақала жариялау-2, дөңгелек үстел-2) оған 55 тартылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 2 ішкі бақылау шарасы жүргізілді (Базаршолан ауылдық округі әкімі аппараты, Ақжайық ауданының жер қатынастары бөлімі). Нәтижесінде 5 ұсыныс берілді.
Өткізілген шаралар
2025 жылдың 11 шілде күні №28 Жайық таңы газетіне аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімінің бас маманы Светлана Пазылханқызының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мақаласы жарияланды.
2025 жылдың 25 қыркүйек күні №39 Жайық таңы газетіне Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әсемгүл Ахметкалиеваның мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Тұрғындарға мемлекеттік қызмет қолжетімді» атты мақаласы жарияланды.
2025 жылдың 8 қыркүйек күні мемлекеттік Қабыршақты ауылдық округінің әкімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Facebook парақшасы арқылы тікелей эфир өткізді.
Қамтылғандар саны:15 адам.
https://www.facebook.com/share/v/19eY43oCet/
2025 жылдың 10 қыркүйек күні мемлекеттік Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімі көрсетілетін қызметтер бойынша Facebook парақшасы арқылы тікелей эфир өткізді.
Қамтылғандар саны:15 адам.
https://www.facebook.com/share/v/16nySSwJdZ/
2025 жылдың 23 қыркүйек күні Базартөбе ауылдық округі әкімі аппаратында аудандық мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Қамтылғандар саны:5 адам.
2025 жылдың 24 қыркүйек күні Құрайлысай ауылдық округінің әкімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Facebook парақшасы арқылы тікелей эфир өткізді.
Қамтылғандар саны:15 адам.
https://www.facebook.com/share/v/1EsWRa6iTm/
2025 жылдың 30 қыркүйек күні Базаршолан ауылдық округі әкімі аппаратында ішкі бақылау қорытындысының ұсынысына сәйкес аппараттың мемлекеттік қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Қамтылғандар саны: 5 адам.