АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Чапаев ауылы №1 2026 жылғы 08 қаңтар
2026 жылғы 18 қаңтарға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің
сайлауына байланысты Базартөбе ауылдық округі әкімі лауазымына
кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2)тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- 2026 жылғы 18 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 14 қаңтар күні сағат 16:00-де Базартөбе ауылдық мәдениет үйінде (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
- 2026 жылғы 18 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспар бекітілсін (1-қосымша).
- Осы шешім Базартөбе ауылдық округі әкімі лауазымына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
- Осы шешім Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары С.Стармаусоваға жүктелсін.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді
Ақжайық ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мангуров