АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 26 желтоқсанда Базартөбе ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
1. Зиеденов Нурбек Кенжеевич, 1975 жылы туған, Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Базартөбе ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
2. Калелова Самал Самигуллиевна, 1986 жылы туған, Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
3. Мақсотов Шадияр Тимұрұлы, 1997 жылы туған, Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Жамбыл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы