Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 -қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5 211 219 мың теңге:
салықтық түсімдер – 3 663 101 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 73 350 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 500 мың теңге;
трансферттер түсімі – 1 469 268 мың теңге;
2) шығындар – 4 490 880 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 128 760 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 337 350 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 208 590 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 591 579 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
- 591 579 мың теңге;
қарыздар түсімі – 337 350 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 928 929 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
2. 2026 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-1 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптастырылады.
3. Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-1 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімі қатерге және басшылыққа алынсын.
4. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2026 жылға кірістерді бөлу нормативі төмендегі ерекшеліктер кірістері бойынша белгіленсін:
1) әлеуметтік салық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады: 100%.
5. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
6. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте ескерілсін, оның ішінде:
Жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер:
- ҚР мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту – 26 563 мың теңге;
- Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыру – 7 162 мың теңге.
Жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттер:
- Жаңадан енгізілетін нысандарының күтіп ұстау – 25 202 мың теңге;
- Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының төменгі санаттарының жалақысын арттыру – 119 192 мың теңге.
2026 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандық бюджетке қарастырылған ағымдағы нысаналы трансферттер, оның ішінде:
Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер:
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 46 884 мың теңге;
- Кепілдендірілген әлеуметтік пакет – 7 392 мың теңге;
- Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 112 461 мың теңге;
- Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алу – 207 610 мың теңге.
2026 жылға арналған ауданның бюджетіне қарастырылған нысаналы даму трансферті, оның ішінде:
Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері:
БҚО Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы – 126 823 мың теңге.
7. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттердің жалпы сомасы 337 350 мың теңге көлемінде ескерілсін:
Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер – 337 350 мың теңге.
8. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілген 928 929 мың теңге бюджеттік кредиттерді және облыстық бюджеттен берілген 160 629 мың теңге бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар өтеу көзделсін.
9. Облыстық бюджеттен 2026 жылы берілетін субвенция көлемінің жалпы сомасы – 968 098 мың теңге болып белгіленсін.
10. 2026 жылға арналған аудандық бюджеттен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін субвенция – 475 606 мың теңге көлемінде
4 – қосымшаға сәйкес белгіленсін.
11. 2026 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві – 82 000 мың теңге көлемінде бекітілсін.
12. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы